• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Қаңтар, 2020

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда жолдастық кездесу өткізеді

514 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 23-30 наурыз аралығында Алматының іргесіндегі «Талғар» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Осы жиын барысында республикамыздың бас командасы екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, 27 наурызда Литва және 30 наурызда Армения футболшыларымен шеберлік байқасамыз.

Балтық жағалауының өкілдері қазіргі кезде ФИФА рейтингінде жерлестерімізден 13 саты төмен тұр. Яғни, біз – 118, ал олар – 131-орынды иеленуде. Қазіргі кезде Валдас Урбонас баптайтын айтулы команда сапында Еуропаның жасыл алаңжарында асқан шеберлігімен оқшауланып жүрген ойыншының жоқ екенін айта кетейік. 

Қазақстан немесе Литвамен салыстырғанда, Армения құрамасының жағдайы біршама жақсы. ФИФА рейтингінде олар 102-орынды еншілеуде. Бұл команданың бүгінгі таңдағы басты жұлдызы Генрих Мхитарян екені даусыз. Әр жылдары Донецкінің «Шахтер», Дортмундтың «Боруссия» және Англияның «Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» клубтарында жасындай жарқыраған ол бұл күндері Италияның «Ромасында» табысты өнер көрсетіп жүр.