• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2020

Батыс Қазақстанда алимент төлемеген 17 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды

222 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы 2019 жылы өңірде алимент өндіру, борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша алқа мәжілісін өткізді.

Жиынға Әділет департаменті, Өңірлік сот орындаушылар палатасы, Полиция департаменті, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшылары қатысты.

2019 жылы өңірдегі сот орындаушылар өндірісінде алимент өндіру туралы 8 мыңнан астам атқарушылық құжат болған екен. Прокуратура қызметкерлері бұл құжаттарға толық тексеру жүргізіп шыққан. Алимент көлемінің 70 пайызға жуығы кірістен мерзімдік ұстап қалу арқылы жүргізілген. Жергілікті органдармен бірлесе жүргізілген шаралар нәтижесінде барлық ауданда бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 650 борышкер жұмыссыздар есебіне қойылып, жұмысқа орналасқан.

-Полиция қызметкерлерінің көмегімен борышкерлердің меншігіндегі 148 көлік ұсталып, 16 тұлғадан көлік жүргізу куәлігі алынды. Борышкерлердің 506 бас үй жануары мен 54 жылжымайтын мүлкі анықталды. Сондай-ақ алимент қарызы бар тұлғалардың 79 мәрте шетелге шығуы анықталды, дейді БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан.

Осы тексерістердің нәтижесінде 109 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 17 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек 80 млн 42 млн теңгеге дейін азайған.