20 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен WTA турнирінің финалына дейін жетті.
Жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымдарын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз ширек финалда Бельгияның өкілі, әлемнің 17 ракеткасы Элизе Мертестен мерейі үстем болды. Есеп – 6:4, 4:6, 6:2. Ал Елена Рыбакина үздіктер тізімінде 36 орынды иеленуде.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Кристина Плишковамен кездесті. Бұл күндері WTA рейтингінде 66 сатыға жайғасқан Чехия ойыншысын ол 6:2, 7:5 есебімен ұтты.
Ақтық сайыста Рыбакинаның жолы әлемнің 34 ракеткасы Екатерина Александровамен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке 6:2, 6:4 есебімен ресейлік теннисшінің жеңісімен аяқталды.