Дуалдық жүйе дегеніміз не? Алманияның озық тәсілін қолданудағы мақсат неге келіп тіреледі? Қазіргі таңда кәсіптік білім беруге елімізде ерекше назар аударыла бастады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» деп атап көрсеткен. Ал дуалдық жүйе болашақ маманды мектеп қабырғасынан жұмыс беруші таңдап алып, әрі қарай кәсіптік білім беріп, болашақ маманның білімді де білікті кадр болуына ықпал етеді.
Дуалдық жүйе дегеніміз не? Алманияның озық тәсілін қолданудағы мақсат неге келіп тіреледі? Қазіргі таңда кәсіптік білім беруге елімізде ерекше назар аударыла бастады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты» деп атап көрсеткен. Ал дуалдық жүйе болашақ маманды мектеп қабырғасынан жұмыс беруші таңдап алып, әрі қарай кәсіптік білім беріп, болашақ маманның білімді де білікті кадр болуына ықпал етеді.
Үржар колледжі 1960 жылы ұйымдастырылыпты. Алғашқы директоры Уәлихан Қанапиянов 22 жыл, одан кейінгі басшы Оразамбай Тұрғазин 23 жыл бойы білім ордасының ыстық-суығына бірдей төзіп, кәсіптік білім беретін училищені екі аяғынан тік тұрғызған. Қазіргі директоры Б.Тұрлыбеков колледждің жаңа заман талабына сай білім беруінде ізденіс танытуда. Дуалдық білім беру жайлы ауданның барлық елді мекендерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. 53 жылда оқу орнын мыңдаған түлектер бітіріп, кіндік қаны тамған ауылдарында механизатор, комбайншы мамандығы бойынша еңбек етіп жүр, кейбірі еңбек демалысында. Қазір колледж Таскескен ауылында.
Бізді қарсы алған директордың орынбасары Қанағат Шарахметов 30 жылдан бері оқу орнында қызмет етіп келеді. Қанағаттың әкесі Марат Сейілжанұлы да жұбайы Фрида Алексеевнамен бірге колледждің іргетасын қалап, жас ұрпаққа кәсіптік білім беруде көп еңбек сіңірген сыйлы жандар екен.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Егеменді елге еңбекті қадірлейтін, алға қойған мақсатына жеткенше тыным таппайтын, бәсекеге қабілетті жандар керек. Қазір бізде ауданның Үржар, Мақаншы, Науалы, басқа да ауылдарынан жастар келіп, білім алып жатыр. Оларға слесарь, аспазшы, фермер, омарташы, темір жонушы, газ электрмен пісіруші, басқа да мамандықтар бойынша білім беріп жатырмыз. Шәкірттерге барлық жағдай жасалған, төрт уақыт тағам беріледі, шәкіртақысы бар. Ауданның бұрынғы әкімі Бауыржан Жанақов көмегін жасап тұрады, «Нива» көлігі мен «МТЗ-80 « Беларусь» тракторын сыйға тартты.Ауданның тізгінін жаңадан ұстаған білікті басшы Серік Зайнулдин мырза да білім ордасына жан-жақты қолдау көрсетпек. Жатақхана жеткілікті, бос уақыттарында зертханаға келіп, біліктілігін арттырады, –деп директордың орынбасары Қанағат Маратұлы біраз жайлардан мағлұмат бере кетті.
– Дуалдық жүйеге Еуропаның біраз мемлекеттері көшіп жатыр.Үржар колледжі өңірде алғашқылардың бірі болып тиімді жобамен жұмыс істей бастады. Шаруа қожалықтарының басшылары, ата-аналар колледжге келіп, жастардың мамандықты қалай игеріп жатқандарымен, күні ертең сенімді ақтай ала ма? деген сауалдарға жауап алды. Колледж басшылары шаруа қожалықтарымен байланыс орнатып, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылайды. Ауданда 2737 қожалық бар, оның ішінде 639-ының жер телімі 200 гектардан асады. Демек, қай қожалыққа мамандар қажет, сол мәселе егжей-тегжейлі талқыланады. Түлектер жұмыс іздеп бас қатырмайды, бәрі дайын. Алтыншоқы, Егінсу, Жанай, Төлеубеков, Науалы, Көлденең, Көкөзек, Лайбұлақ, Тұрлыханов, Уәлиханов орта мектептерінде орта мектепті бітірушілермен кездесу өтіп, бүгінгі таңдағы кәсіптік білімнің маңызы мен мәні, орны жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде биылғы оқу жылына 125 оқушы қабылданбақ. Бізді толғандырып отырған жатақхана мәселесі. Оны шешу үшін қосымша қаржы керек. Ал жастардың көбі «Фермер», басқа мамандықтарды таңдады.Бұрын кәсіптік білім беретін училищелер Жаңатілек, Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында болған, енді төртеуі бірігіп, Үржар колледжіне айналды, оңтайланған оқу орны алдағы уақытта да жастарға сапалы білім, саналы тәрбие бермек, –деп әңгімеге араласты Үржар ауданы әкімінің орынбасары Қапсадық Байсинов.
Колледждің