• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

САЛА САЛМАҚТЫ ҚОЛДАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

587 рет
көрсетілді

Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыруда, әсіресе, білім саласында жүргізілген реформалар бойынша қалыптасқан біртұтас ұстаным болуға тиіс. Жаһандану жағдайында білім беру саласына жаңа техноло­гия­лардың еңгізілуін талдау арқылы түйінді мәселелердің шешімін табуға қарымды қадамдар жасала­тынына сенім мол. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда Қазақстан қоғамды жетілдіруге және экономикалық қажеттілікте­ріне сәйкес қазіргі заманғы білім жүйесін құруды қажет етеді. Өз кезегінде депутаттық корпус отан­дық білім беру сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттік шараларды құқықтық қамтамасыз етуге, сали­­қа­лы және сапалы заңнамалық жұ­мысты жүргізуге бағыт алды. Осы тұрғыдан келгенде 2007 жылдың маусымында Парламент Сенаты тарапынан “Білім туралы” жаңа Заңның қабылдануы да сондықтан. Соңғы кезде экономикадағы айтарлықтай өзгерістерге сай білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды заңнамалық реттеу, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін халықаралық білім бе­ру кеңістігімен интеграциялау және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру әрі қарай жетілдіруді талап етеді. Орын алған жағдайды саралау барысы инженер-педагог кадрларының; қызмет көрсету мен техникалық кадрларды даярлауда жұмыс берушілердің қатысуын ынталандыру, тетіктердің жетіспеушілігін, әсіресе, ауылдық аймақтардағы арнайы мектептер желісінің дамытылмауын; жергілікті және республикалық бюджеттерден қамтылатын орта кәсіби білім беру жүйесі арқылы кадрлар дайындау үшін мемлекеттік тапсырыс орна­лас­тыру мен қаржыландырудың көлемі, соның ішінде бастапқы жә­не орта кәсіби білім беру жүйе­сінде қаржыландырудың жеткілікті бол­мауы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін дамыту факто­рына кері әсер етуде екенін көрсетті. 2005 жылы жария етілген Өске­мен, Шымкент, Павлодар және Атыраудағы экономиканың жеке­леген салаларына қызмет көрсету мен техникалық кадрларды қайта даярлау және дайындау орталықта­ры әлі күнге жұмыс істемеуде. Осы профильдегі оқыту мекемелерінде технологиялар бойынша жаңа өндірістерді құрудағы заманауи оқыту үдерістеріне салынған қазіргі заманғы материалдық-техникалық база жоқ (қазіргі заманғы оқыту-өндірістік лабораториялар мен шеберханалардан, оқыту кабинет­терінен тұрады). Біздің пайымдауы­мызша, осы саладағы менеджмент­тің төмендігі мен қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесінің жетілді­ріл­мегенін бөлек мәселе етіп көтеру керек. Қалыптасқан жағдайда, біздің пайымдауымызша, жақын болашақта әр түрлі халық шаруа­шылық саласындағы мамандарға қажеттілік жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру және өңірлік, сон­дай-ақ республикалық деңгейлерде экономикадағы мамандардың қажеттігі ауанын анықтау тәсілін жетіл­діру мен орта буын мамандар­ды, экономика қажетсініп отырған жоғары кәсіби жұмысшы кадрлар­мен қамтамасыз ету мәселелерін шешудің қырларын қарастыруымыз қажет. Жоғарыда аталған проблема­ларды тиісті деңгейде шешу жаңа технологиялар жөніндегі жаңа өндірістерге мамандарды даярлауды бастауға, экономиканы білім берумен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. Мемлекет басшысы инфрақұ­ры­лымдар мен энергетика, фарма­цев­тика мен химия, металлургия, сервистік қызмет пен мұнай өңдеу, құрылыс индустриясы, агроөнеркә­сіптік кешенді жеделдетіп дамыту Қазақстанның 2010 жылдан бастал­ған үдемелі инновациялық дамуы­ның басым бағыттарының жоспары болып табылатынын ерекше атап көрсетті. Осыған сәйкес колледж­дерде және кәсіби мектептерде ең­бекке қызмет көрсету мен техника­лық кадрларды дайындау құрылыс материалдары мен металлургия, көлік-логистикалық қызмет көрсе­ту, тамақ пен тоқыма өндірісі, агро­өнеркәсіптік кешен, мәшине жасау, мұнай-газ секторын дамыту­ға бағытталған болуы тиіс. Қорыта айтқанда, өңірлерде тиісті мамандықтар мен мамандар­ға мемлекеттік білім беру тапсы­рыс­тары қарастырылғаны жөн. Мақ­сатты трансферттер мен жергі­лікті бюджеттер есебінен ауыл ша­руашылығы, қызмет көрсету бағы­ты және құрылыс саласы үшін ба­за­лық кәсіби мектептер ашу қажет. Ақан БИЖАНОВ, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.