• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қаңтар, 2020

Эстафетада 17-орын алды

157 рет
көрсетілді

Биатлоннан Германияның Обер­хофф қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының төртінші кезеңінде Қазақ­стан ерлер командасы эстафетадан 17-ші орын иеленді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Эстафетаға жалпы есебі 26 команда қатысты. Қазақстан атынан Антон Пантов, Роман Еремин, Владислав Витенко және Тимур Куц жарыс жолына шыққан болатын. Тартысты бәсекеде қазақстандықтар 17-ші орын иеленді. Сондай-ақ Әлем кубогы рейтингінде Қазақстан командасы екі орынға жоғарылап, 21-ші сатыға тұрақтады.

Ерлер арасындағы эстафетада Норвегия топ жарса, Франция күміс, Германия спорт­шылары қола жүлдегер атанды. Ал әйел­дер командасы арасындағы эстафетада Қазақстан командасы 19-шы орыннан көрінді.