18 және 19 қаңтар күндері Мәскеуде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) «Жұлдыздар матчы» өтетіні белгілі. Бұл шоуда айтулы турнирдің төрт дивизионының командалары өзара шеберлік байқасады.
ҚХЛ-да Нұр-Сұлтанның «Барысы» Чернышев дивизионында бақ сынап жүргені баршаға мәлім. Біздің команда сапынан «Жұлдыздар матчында» тек Даррен Диц қана өнер көрсетеді. Міне, дәл сол қазақстандық клубтының құрамындағы канадалық легионер Мәскеуде өтетін шоуда өз дивизионының капитаны болып тағайындалды.
«Жұлдыздар матчында» өнер көрсету әр ойыншы үшін үлкен мәртебе. Жеке өз басым БАҚ өкілдерінің таңдауы маған түскеніне қатты қуанып отырмын. Оның үстіне команда капитаны болып тағайындалдым. Мәскеудегі бәсекеде мен тек «Барыстың» ғана емес, күллі Қазақстанның намысын қорғаймын. Сол матчтарда көремендер көңіліне селкеу түсірмеуге тырысамын, дейді Даррен Диц.