• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Хоккей 16 Қаңтар, 2020

Шайбалы хоккей: «Жұлдыздар матчындағы» Чернышев дивизионының құрамы

231 рет
көрсетілді

18 және 19 қаңтар күндері Мәскеуде өтетін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) «Жұлдыздар матчында» өнер көрсететін Чернышев дивизионының құрамы толықтай анықталды. 

Қақпашылар – Юха Метсола («Салават Юлаев») мен Игорь Бобков («Авангард»).

Қорғаушылар – Вячеслав Войнов («Авангард»), Даррен Диц («Барыс») және Адам Альмквист («Адмирал»).

Шабуылшылар – Кирилл Семенов («Авангард»), Никита Сошников («Салават Юлаев»), Брэндон Ип («Куньлунь Ред Стар»), Гинек Зогорна («Амур») және Линус Умарк («Салават Юлаев»).