• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Алматы облысындағы 19 еріктілер ұйымының 1043 мүшесі бар

184 рет
көрсетілді

Алматы облысындағы еріктілер қозғалысының жұмысын 19 ұйым рететп отырады. Ал қоғамға өз қызметін тегін ұсынуға дайын жастардың саны 1043 азамат шамасында екен.

Жақында Талдықорған қаласында «Еріктілер жылының» ресми ашылуы өтті. Шараға Парламент депуттары, облыс басшылары және жетістіке жеткен азаматтар қатысты.

Жиында Жетісу жастарын ел мен жерді сүюге үндеп, жақсылық жасауға үндеген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Паралимпиада ойындардың қатысушысы, Қазақстанның жастар арасындағы волейбол құрамасының капитаны Серік Есматов соңғы жылдапры өзі бастама көтеріп, қолға алған істерінен мысал келтірді.

- Біз біраз жылдан бері игі істер марафонын өткізіп жүрміз. Өткен 6 жылда 286 адамға көмек көрсетілді. Яғни, кез келген адам қиналғанға қол ұшын созып, жақсылық жасай аладын, ең бастысы адамның өзіне деген сенімі қалыптасып, қолда бар игіліктің қадірін білуі тиіс, деді  Серік Есматов жетісу еріктілеріне арнаған сөзінде.