Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп жатыр.
Бастапқы бәсекелерінің барлығын жеңіспен аяқтаған еліміздің бірінші ракеткасы ширек финалда аустралиялық Лизетта Кабрерамен кездесті. 2 сағат 17 минутқа созылған бұл бәсеке 6:7, 7:6, 7:5 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді.
Жартылай финалдық сайыс ертең өтеді. Бұл бәсекеде Елена Рыбакина германиялық Элис Мертенспен шеберлік байқасады.