20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Мельбурнде өтетін Австралияның ашық біріншілігінің алғашқы айналымында Қазақстанның теннисшілері кімдерге қарсы ойнайтыны белгілі болды.
Ерлер бәсекесінде екі жерлесіміз өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Александр Бублик корт қожайыны Джордан Томпсонмен күш сынасса, Михаил Кукушкин Аустралияның тағы бір өкілі Марк Полманпен шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында үш аруымыз кортқа шығады. Юлия Путинцева мен Зарина Дияс АҚШ ойыншылары Бернарда Пера мен Аманда Анисимовамен сайысқа түссе, Елена Рыбакина тайпейлік Су-Вей Семен кездеседі.
Сондай-ақ Дмитрий Попконың да Аустралияның ашық біріншілігіне қатысуына мүмкіндігі бар. Ол үшін отандасымыз іріктеу сынынан іркілмей өтуге тиіс.