Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баянды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қадам өкілеттігі әртүрлі кез келген саладағы істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.
Ислам дінінің қазақ топырағына жеткеніне 1250 жылдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып-білген бабаларымыз оны сонау VIII ғасырда-ақ қабылдаған. Содан бері ислам жұртымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, тірегі де болып келеді. Ел басына күн туып, ұлттың сақталып қалуын таразылар шақ туғанда да ата дініміз көңілге медеу, күш-қуат болды, солай болып та келеді.
СӨЗ БАСЫ
Алла тағаланың теңдессіз сыйы – Отанымыздың тәуелсіздігін баянды ете түсу үшін көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматқа артылар сенім мен талап зор. Бұл қадам өкілеттігі әртүрлі кез келген саладағы істі атқаруға тиіс барша қазақстандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттің мерейін үстем ету жолында әлемдік тәжірибенің ең озығы мен ең жаңашылын таңдап алу үшін елдің әрбір азаматынан білімділік пен біліктілік талап етіледі.
Ислам дінінің қазақ топырағына жеткеніне 1250 жылдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып-білген бабаларымыз оны сонау VIII ғасырда-ақ қабылдаған. Содан бері ислам жұртымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, тірегі де болып келеді. Ел басына күн туып, ұлттың сақталып қалуын таразылар шақ туғанда да ата дініміз көңілге медеу, күш-қуат болды, солай болып та келеді.
Аллаға шүкір, еліміз тұрақты даму үстінде. Қазақ жерінде сан алуан ұлт пен ұлыстардың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Осының бәрі Алаш еліне берген Тәңірдің тартуы, өлшемсіз рақымы десек, сол тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын ел басшысын тағайындап беруі тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз абзал.
ҰЛТТЫ ЫНТЫМАҚҚА ҰЙЫТТЫ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің өркендеуіне, мығым мемлекет болып қалыптасуына ерен еңбек сіңіріп келеді. Соның ішінде ұлттық болмысымыздың, діліміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің қайта жандануына, әрі қарай дамуына қосқан үлесі де үлкен.
Айталық, әу баста Қазақстан мұсылмандарының дербес діни басқармасының құрылуына тікелей ықпал жасады. Жастардың рухани білім алуына жол ашты. Қаншама мешіт-медреселердің салынуына тікелей қолдау көрсетті. Облыс орталықтарындағы зәулім-зәулім еңселі мешіттердің бой көтеруі сөзіміздің айғағы. Сондай-ақ, қазақ жастарының өз жерінде діни ислами білім алуы үшін іргелі оқу ордасының іргетасын қалады. Ел мұсылмандарының Меккеге еркін түрде қажылыққа баруына жағдай жасады. Осының барлығы «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік», деген қағиданы ұстанған Елбасының асыл дініміздің жанашыры екенін айғақтайды. Елбасы еліміздің рухани тұрғыдан дамуына қатысты байсалды шешімдері арқылы материалдық бақуаттылықпен бірге рухани байлықты да ешқашан естен шығармау қажеттігіне басымдық беріп келеді.
Қазақстанда ислам дінін дамытуға бағытталған іс-шаралар Алланың қалауымен, Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асуда. «Сындарлы он жыл» атты кітабында «әлемдегі лаңкестіктің түпкі себебі дамудың теңсіздігінде жатыр» деп атап көрсеткен Президентіміз діннің бөлуші, іріткі салушы емес, керісінше, елдің еңсесін көтеретін, мемлекетті рухани дағдарыстардан құтқаратын, халықты имандылыққа ұйыстыратын фактор екенін алға тартады. Елбасы бір сөзінде: «Халық Алласына, Тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін ар жақтағы ана дү ниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін», – деу арқылы халқымызды ізгілікке үндеп, ұлы мақсаттарға жетелеп келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзінің сан-салалы қызметін Мемлекет басшысының ішкі-сыртқы салиқалы саясатына қолдау білдіре отырып, көп ұлтты, көп конфессиялы еліміздің ынтымағы мен бірлігін күшейте түсуге бағыттап келеді. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Алла тағала адам баласына бейбітшілік пен әділдікті сый етті. Олай болса, Жаратушы Иеміздің теңдессіз сыйын, бағасын біліп, қастерлеуге тиіспіз.
Елбасы әр үш жыл сайын елімізде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының бір үстел басында ымыраға келіп, ынтымақ жайлы пікір алмасуларына ұйытқы бола білді. Өйткені, қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау өзекті мәселелердің бірі. Қай діннің өкілі болсын, өз тіршілігінің тыныштығын, тұрақтылықты қолдайды.
Осы тұрғыдан алғанда діндер арасындағы үнқатысуды дамыту бүкіл әлемдік жауапкершілік. Ал осы жауапкершіліктің тізгініне әлемге танымал Қазақстан атты мұсылман елінің ие болуы көп жайтты аңғартса керек. Біріншіден, бұл елімізде басқаларға үлгі ретінде ұсынуға болатын сан алуан ұлттар мен діндер арасындағы татулықтың, бейбітшіл халықтың бар екендігін білдіреді. Екіншіден, елдің басым көпшілігі ұстанатын Ислам дінінің кеңпейілділігін, басқалармен ортақ келісімге келе алатындығын көрсетеді. Осындай жаһандық жиын арқылы біз еліміздің, дініміз бен діліміздің қандай екендігін жалпақ жұртқа жария ете аламыз.
Діндер арасындағы үнқатысу мұсылманшылыққа да жат дүние емес. Алла тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен сұхбат құруға шақырған.
Алла тағала былай дейді: (Айт, уа, Пайғамбар) «Уа, Кітап иелері! Қанеки, келіңдер, бізге де, сендерге де ортақ сөзге [тоқтамға] келейік те, Алладан басқа ештеңеге табынбайық, Оған ештеңені серік етіп қоспайық, бір-бірімізді Алламен бірге ие тұтпайық» деп айт. Егер де олар теріс айналса, «Біздің мұсылман екендігімізге куәгер болыңдар» деп айтыңдар» (Әли Имран сүресі, 64-аят).
Осылайша, ислам діні христиандар мен яһудилерді еш серік қоспай, тек Құдайға ғана табынуға шақырады, сонымен бірге, тіпті, Алла мен ақырет күніне сенбейтін дінсіздерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауға нұсқайды.
ӨҢІРЛЕРДЕ 598 ИМАМҒА 805 САҒАТ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ
2013 жылдың ақпан айындаАстанада өткен Қазақстан мұсылмандарының VII құрылтайынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев діни басқарманың өкіл имамдарымен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы келелі кездесуде исламның халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатынын айтып, еліміздегі дініміздің дұрыс бағытта дамуы дін мамандарына байланысты екеніне баса назар аударды және асыл дініміз исламның қызметкерлері ретінде біздерге сенім артты. Елбасы имамдардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, ел бірлігі мен мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайту жолындағы рөлін айрықша атап өтті. Президент діни басқарма мен мемлекеттік мекемелер арасындағы рухани-ағартушылық, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты нығайта түсуге жете көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы дін қайраткерлеріне, имамдарға былай деді: «Еліміздегі дәстүрлі исламның бірден-бір мойындалған құрылымы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Діни қатынастарды реттейтін жақында қабылданған Заңда мемлекет халқымыздың рухани өмірінде исламның ханафи бағытының орны мен рөлін мойындайтыны атап көрсетілді. Бұл – өте дұрыс. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен тағаттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді. Діни басқарма өкілдері тек дін саласында ғана емес, өзге салаларда да өз білім-біліктерін арттыруға тиіс».
Қазірде аймақтарда