• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

590 рет
көрсетілді

41 600 000 000 Ақтөбе облысындағы табиғатты пайдаланушылар соңғы екі жылда осыншама теңге қаржы жұмсап, 400 табиғат қорғау шараcын жүргізді Оның ішінде, “СНПС-Ақтө­бе­мұнайгаз”, “АлтиесПетролеум Инт.Б.В”, “Ақтөбе хром қо­сын­дылары зауыты” АҚ-тары “Қа­зақОйлАқтөбе”, “Қазақтүрік­мұ­най” ЖШС-лері сияқты іргелі кә­сіпорындар мұндай игілікті істерге анағұрлым көбірек қаржы бөліп келеді. Жалпы, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 10 мыңнан астам табиғат пайда­ла­нушылар жұмыс істейді екен. Соның 375-і экологиялық қауіпті кәсіпорындар қатарына жатады. Облыста жүзеге асырылып келе жатқан мемлекеттік эколо­гиялық саясат қоршаған ортаға техногендік әсерді төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Жақында Ақтөбе қаласында Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қос­танай, Қызылорда және Ақтөбе облыстары табиғат қорғау қыз­мет­терінің, ірі кәсіпорындардың өкілдері, екінші деңгейдегі банк басшыларының қатысуымен өткен кеңестің “Инновациялық жобаларға – экологиялық-эко­но­микалық бағыт” аталуы да сондықтан. Кеңесте тек біржақты экономикалық тиімділікті ғана ойлап қоймай, экологиялық тепе-теңдікті сақтау жайы да жан-жақты сөз болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. 6 023 200 000 Үстіміздегі жылы облысқа “Жол картасы” бағдарламасын қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден осыншама теңге қаралған Осының 4 млрд. 884 млн. 200 мың теңгесі инвестициялық жо­ба­ларды жүзеге асыруға бағыт­та­лады. Барлығы 128 жоба инвес­ти­циялық төрт бағытпен жүргі­зі­ліп, 5291 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейтуге және “Жастар тәжірибесіне” 480 млн., кадрлар даярлауға 659 млн. теңге бөлінген. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда. 163 000 000 Облыс кәсіпорындары мен мекемелерінің жалақы жөніндегі қарызы осынша теңгені құрап отыр Ұжым мүшелерінің маңдай тер, табан ақысын уақтылы өтеу­дің орнына неше түрлі сыл­таумен жауапкершіліктен жал­тар­ғысы келетін басшылар бұдан былай қатаң жауапкершілікке тарты­латын болады. Борыш­кер­лер­дің тізімін Тайынша ауданын­да орналасқан “Биохим” зауыты бастап келеді. Оның қарызы 21 миллион теңгеге жеткен. “Ақ­қайың ауданындағы “Черкас­ское” ЖШС-де есептесуді ұмыт­қан тәрізді. Петропавл қаласы мен Айыртау ауданында да борышкерлер жетіп артылады. Олар шетелдің қымбат көліктерін сатып алудан тыйылар емес. Облыстық ішкі істер депар­та­ментінің ақпараттары бойынша, кей басшылардың үстінен қыл­мыстық іс қозғалып, сотқа жол­данған көрінеді. Облыс әкімі Серік Біләлов жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін Шал ақын, Айыртау, Тимирязев аудандарының әкімдеріне сөгіс жариялады. Тапсырма орын­дал­маған жағдайда, қызметтерінен босатылатындарын ескертті. Құ­қық қорғау органдарына жалақы қарызын өтеуге құлықсыз кәсіп­орындардың дүние-мүлкін аук­цион арқылы сатып, жұмысшы-қызметкерлермен есеп айыры­суды міндеттеді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.