Бұл күндері Мельбурнде өтіп жатқан тенннисшілер арасындағы «Үлкен дуылға» санатындағы жарыстардың бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің екінші кезеңіне үш жерлесіміз жолдама алды.
Екінші айналымда әлемнің 26 ракеткасы Елена Рыбакина Гретье Минненмен кезеседі. WTA рейтингінде 119 орында тұрған Бельгияның өкілі осы жарыстың тұсаукесер кездесуінде беларуссиялық Александра Сасновичке сан соқтырды – 7:6, 4:6, 7:5.
Әлемнің 73 ракеткасы Зарина Диас италиялық Жасмин Паолини мен ресейлік Анна Блинкова арасындағы бәсекенің жеңімпазымен жолығады.
Әлемнің 38 ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Даниеле Коллинз бен ресейлік Виталия Дьяченко арасындағы сайыста бағы жанған теннисшімен шеберлік байқасады.