Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Австралияның ашық біріншілігінде қазақстандық жұп Зарина Диас пен Елена Рыбакина өздерінің тұсаукесер кездесулерінде жеңіске жетті.
Алғашқы айналымда олардың жолы франциялық Ализе Корне және Фиона Ферромен қиысты. 2 сағат 25 минутқа созылған бұл тартыс 6:4, 6:7, 7:6 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.
Екінші кезеңде Зарина Диас пен Елена Рыбакина Александра Саснович (Беларусь) және Виктория Кужмова (Словакия) жұбымен шеберлік байқасады.