• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2020

Маңғыстаулық полицейлер күзет мекемелерімен кездесу өткізді

394 рет
көрсетілді

Қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында, Маңғыстау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасы мен Күзет қызметтерінің жұмысын бақылау бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласындағы күзет мекемелерімен кездесу ұйымдастырып, өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабаралды.

Аталған кездесу барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жоспарында көзделген көпқабатты, жеке тұрғын үйлердің, сауда үйлерінің және көңіл-көтеру орындарының иелерімен бейнекамералар орнату және күзет ұйымдарына қосылу мүмкіндігін қарастыру туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша күн сайын есептер жүргізіп, анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасына тиісті құжаттар жолданған жағдайда, азаматтардың қылмысты ашуға ынтасын көтермелеу үшін, Комиссия шешімімен 26510 теңге (10 АЕК) мөлшерінде марапатталатыны айтылды.