• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қаңтар, 2020

Елордада «Біз біргеміз» акциясын 13 мыңнан астам адам қолдады

301 рет
көрсетілді

Астаналық жастар бастаған «Біз біргеміз» акциясына 13 мыңнан астам адам қатысып, 100-ден аса қала шетіндегі аумақтың қары тазаланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«22 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қатты боран мен қалың қар жауды. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 22-27 қаңтар аралығында 49.5 мм қар жауып, бұл қаланың орташа қар нормасынан 2 есе асты. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша комуналдық қызметтері 220 246 текше қар жинады. Ауысым бойынша 1 051 бірлік техника жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша астаналық еріктілер штабы «Біз біргеміз» челленджі жобасын іске қосты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған Волонтерлер жылындағы игі бастамалардың бірі екендігін атап өту керек» деді қалалық Волонтерлер штабының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Сонымен қатар «Біз біргеміз» қозғалысына «Қазақстан студенттер Альянсы» РҚБ, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, «Қазақстан жастар конгресі», Астана медициналық университеті, Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері, Jas Otan ЖҚ қызметкерлері қосылды.