• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 29 Қаңтар, 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды

172 рет
көрсетілді

Алматыда ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өткен шарада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталғанын айтты.

Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде  «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» салтанатты түрде  ашылды.