• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2020

«Сентрас Секьюритиз» АҚ Қазақстандағы инвестициялық нарыққа шолу жасады

305 рет
көрсетілді

«Интерфакс» баспасөз орталығында өткен брифингте «Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарма төрағасы Мұрат Акинов, Басқарушы директоры Талғат Камаров, Активтерді басқару департаментінің директоры Дамир Бабаназаров  Қазақстанның инвестициялық пай қорларының  нарығына шолу жасап,  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен отандық қор нарығына қатысты мәліметтермен бөлісті.

Сапалы талдаудың және ағымдағы қаржы трендтері туралы кәсіби сараптамалық пікірдің тапшылығына алаңдаушылық білдірген «Сентрас Секьюритиз» мамандары  қазіргі кезде Қазақстанда ұжымдық инвестициялау индустриясының «ренессансы» байқалатындығын атап өтті. Соңғы жылдары қолданыстағы пайлар шығарымдарының саны 24-тен 36-ға дейін өссе, пайшылардың саны 1000-ға  жуықтаған.

«Сентрас Секьюритиз» мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына дейін тіркелген инвестициялық пай қорларының саны  200-ден асып, бұған қосымша 50 акционерлік инвестициялық қорға дейін өскен. Пай иелерінің саны 3500-ден асып, активтер 2008 жылғы 1 сәуірдегі көрсеткіштер бойынша 230,7 млрд. теңгеге жетсе, басқарушы компаниялар саны 68-ге дейін артқан. Ал одан кейінгі дағдарыстарда инвестициялық пай қорларының саны 2018 жылы 24-ке дейін төмендеп,  басқарушы компаниялардың саны бүгінгі жағдай бойынша 20-ға дейін қысқарған. Нәтижесінде инвестициялық нарық кәсіби сараптамасыз қалды. «Сентрас Секьюритиз» деректері бойынша қор нарығындағы инвестициялық талдаушылар 70-ке дейін қысқарған.

Инвестициялық пай қорлары нарығының тарихына тоқталып өткен «Сентрас Секьюритиз» мамандары «Инвестициялық қорлар туралы» Заң қабылданған кезеңде инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясына небары 14 компания болса, «Сентрас Секьюритиз» АҚ 2005 жылдың қаңтарында алғашқылардың бірі болып «Қазынашылық» ашық инвестициялық пай қоры (ИПҚ)  мен  «Сентрас – Жаһандық  Нарықтар» инвестициялық пай қорын (ИПҚ)  тіркеген.  Осы уақыт ішінде инвестициялық қызметтер нарығы қарқынды өсу, құлдырау кезеңдерінен өтті. Ал бұл мерзімде «Қазынашылық» ашық қорының табысы теңгеге шаққанда  жылына  53,5%-ды, $-13,7%-ды құрады. Өткен жылы «Қазынашылық» АИПҚ пайшыларына теңгемен шаққанда жылына 25,8, $- 26,2%  табыс әкеліп, депозиттерге балама ретінде АИПҚ салымшыларының үмітін ақтады.

Ал  «Сентрас – Жаһандық нарықтар»  қорының қолданысқа енгізілгелі бергі табыстылығы, теңгеге шаққанда  жылына  43,5, $-10,3% -ды құрады. Өткен жылы «Сентрас – Жаһандық нарықтар» пайшыларына теңгемен жылына  39,3, $-39,7%  кіріс әкелді.

«Сентрас – Жаһандық нарықтар» қорына бенчмарк ретінде MSCIWorld индексін таңдап, алдыңғы қатарда келеді. Нарықта 10 жылдан астам тәжірибесі бар «Еурооблигациялар Қоры»  өткен  жылы теңгемен шаққанда жылына 18,2, $-18,6% пайда әкелген. Бенчмарк ретінде  JPMorganEMBonds индексі белгіленіп, өткен жылы 320 базистік пунктке асып түсті.

Республика тұрғындарының валютамен номинацияланған инвестициялық өнімдерге деген қызығушылығын  арттыру қажеттігін айтқан мамандар бүгінде еліміз банктеріндегі валюталық салымдар бойынша төмен мөлшерлемелер жинақтаушыларды қаржысын баламалы құралдарға салуға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан ел нарығындағы инвестициялық  қорларының жоғары табыстылығы  аса маңызды.

 

АЛМАТЫ