БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ауқымды деректер мен жасанды зерденің рөлінің қандай екенін және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің күш-жігер біріктіруден бастап тұрақты дамуды құруға дейінгі синергияны қалай пайдалана алатыны туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Демек, сөз 2030 күн тәртібі туралы болып отырғанда, жасанды зерде мен ауқымды деректер үлкен әлеуетке ие болады. Медициналық диагностика – бұл жасанды зерде пайдаланылған жағдайда ауруларды жылдамырақ әрі арзанға диганостикалауға мүмкіндік беретін әдеттегі түсініктердің бірі. Білім беру саласына қолжетімділік те едәуір көлемде қолжетімді болуы мүмкін», деді Фабрицио Хохшильд.