Облыс орталығынан шалғайда жатқан Әулиекөл ауданында Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» атты ән фестивалі өтті.
Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл» арнайы жобасының аясында қолға алынды. Онда Абайдың шығармашылығы мен баға жетпес мұрасын кеңінен насихаттау, Ұлы даланың данагөйі және ойшылы, әлемдік маңызы бар тұлға Абай туралы дүниетанымды, патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, сонымен бірге рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру іс-шараның негізгі мақсаты болды.
Фестивальде ауылдық және ауданның талантты өнерпаздары Абайдың шығармаларын бірнеше аталым бойынша сахнаға шығарды. Олар Абай атамыздың қара сөздерін, әндерін, күйлерін, сонымен қатар өлеңдерін мәнерлеп оқып көрермендер ықыласына бөленді. Әсіресе, мектеп оқушысы Динаш Шыңғысхан, кітапханашы ДинараАмирова, тағы басқалардың өнері жұртшылықты тәнті етті.
Фестивальде Абай шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қостанай облысы,
Әулиекөл ауданы