• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2020

Шымкентте «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» форумы өтті

361 рет
көрсетілді

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Хакім Абайдың 175 жылдығына орай «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» атты форумы өтті.

Форумға келген зиялы қауым өкілдері мен Абайтанушы ғалымдар хакімнің әрбір қара сөзіне жеке тоқталып, мәні мен мағынасын аша түсіндірді.

«Тарихқа көз жүгіртсек қазақ ойшылының көрген теперіші аз болмаған. Бай баласы болғандықтан бір кездері оның шығармаларын оқуға да тиым салынған. Бірақ, уақыт Абайдың шын мәнінде халықшыл екендігін дәлелді. Олай болуына ақын өлеңдерінің елдік мәнге ие болуы себеп. Өйткені, ақын өз өлеңдері арқылы елді бірлікке, жастарды білім алуға үндеді. Президент мақаласында осы жағы жақсы қамтылған», дейді ұйымдастырушылар.

 

Шымкент