28 - 29 ақпанда Омбы қаласының Жасөспірімдер театрының сахнасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойының аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрермендер ансамбльдің балет артистері: Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Риза Тағанова, Раушан Кундукова, Ақжол Абибулла, Сұңкар Болат, Денис Витченко, Аида Ажмағамбетова, Мақпал Нанаева, Ескендір Тергемисов, Лаура Үркінбаева, Ержан Сарманов, Ғазиз Жәнібеков, Венера Фахретдинова, Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері - Ернұр Қарықболдың өнерін тамашалайды.
Концерттің жүргізушісі Халықаралық конкурстардың лауреаты – Қуат Ыдырысқалиев.
Осынау шығармашылық іс-сапар аясында ансамбльдің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Гүлсәуле Орумбаева БАҚ өкілдерін Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында атқарылатын іс-шаралар ретімен таныстырды.
«2020 жыл Қазақстанда Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы деп жарияланды. 9-шы қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырды Қазақстан» мақаласы шықты. Біз бірауыздан мақаланы қолдаймыз және де ақынның шығармаларының бүгінгі күнге дейін халыққа өзекті және рухани азық екеніне және соның арқасында мемлекетіміз ұлы ақынның кеңестеріне сүйене отырып, барлық салаларда дамитынына, үлкен жетістіктерге жететіне сенімдіміз»,-деді ол.
Айта кететіні, мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі 1955 жылы Қазақ мемлекеттік ән-би ансамблінің негізінде ұйымдастырылып, 1989 жылы «Салтанат» би ансамблі болып қайта құрылған.
Көркемдік жетекшісі және бас балетмейстрі ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері – Гүлсәуле Орымбаева.
Қазір ұжымда 70-тен астам биші, репертуарында 150 ден астам халықтың биі бар. Ұжым осы аралықта АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Болгария, Италия, Түркия, Қытай, Ресей елдерінде концерт берген.