Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында көп балалы 10 отбасы қоныс тойын тойлады.
Оларға жаңадан бой көтерген «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінен сатып алынған пәтер бұйырды. Баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген.
- Баспана кезегінде тұрғаныма 4 жылдан асты. Бұйырып, бүгін баспаналы болдым. Осындай қуанышты күнге тез жетемін деп ойламаппын. Ең алдымен бізге қамқорлық көрсеткен Президентке алғысымыз зор. Барлық қолдауына ризамыз. Қамқорлық жасап, көңіл бөлу - біз үшін ең үлкен сый, дейді көп балалы ана Марина Убайдулақызы.