Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевты пара алды деген күдікпен ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде оның келісілген 180 миллион теңгенің 10 миллионын алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Антикор Мамай Бұтабаевтың қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Мамай Бұтабаевтың уақытша қамауға алынғанын растайды», делінген хабарламада.
Істің егжей-тегжейі кейінірек хабарланады.