• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Ақпан, 2020

Тазалық – сақтықтың кепілі

550 рет
көрсетілді

Рахман Иеміздің өмірімізге нәсіп еткен барша нығметтерін бағалап, оны сақтап, қызғыштай қору әр мұсылман баласының ұлы міндеті. Оның жекеге немесе қоғамға тиесілі болса да, құндылығы бірдей.

Бүгінде Қытай еліндегі індетке әлем үрке қарауда. Егер, оны талдап қарасақ, бұл бірінші індет емес. Та­рихта мұндай індеттер оқтын-оқтын болғаны да бел­гілі әрі оның себебі неден екені айдан анық. Бұған мән бермеушілік танытып, оған жеңіл қарамау керек. Әрине тиісті сақтық шараларын қолданған абзал.

Әйгілі Омар (р.ғ) хали­фа­ның тұсында бір елде жұқ­палы індет тарайды. Жо­лаушылап келе жатқан ол (р.ғ) адамдарымен сол індеті бар елді мекенге жа­қын­да­ған­да, қасындағы біреу:

– Я, халифа, тағдыр өзгер­мейді, пешене­міз­де­гі­ні кө­рерміз, осы індетті елге кір­ейік, – дейді. Омар (р.ғ) оған ілеспей, ауылды ай­на­лып өтеді.

Әлгі адамның қайтадан:

– Тағдырдан қашамыз ба? – дегеніне:

– Біз тағдырдан тағ­дыр­ға кетіп барамыз! – деген екен. Демек, бұдан түйетініміз, ауру-сырқау тағдыр болса, одан сақтану да тағдыр деген сөз шыға­ды.

Бүгінде сақтанатын дү­ние­лер көп. Жеп ішу мен тұрмыс-тіршілікті жағ­дая­т­тарда аса қағілездік қа­­жет. Дінімізде тазалық жо­ға­ры орынға қойылған болса, рухани тазалық одан да жоғары. Жалпы, тиіс­ті мамандарға жүгініп, ке­ңе­сіне құлақ асқан жөн. Не­гізінде, тазалықты тек індет кезеңінде ғана ұста­нып емес, оны өмірлік салт­қа айналдырса, құба-құп. Себебі адамның жеке бас таза­лы­ғы­ның жоқтығы, тұрмыс-тіршілігінің ретсіздігі, са­ла­мат­ты өмір салтының бұ­зыл­­уы – індеттің басы. Біле білгенге, «Дін тазалықтың үстінде орныққан» деген хадис те жеткілікті, онда адам ағза мүшесінің таза­лы­­ғы тәптіштелінген. Яғни азаннан ауыз-мұрынды шайып, дәрет алу – таза­лықтың таңы. Қолын жуып, дастарқанға отыру – сүннеті тазалықтың күні. Дәрет алып, өзіне дем салу, Құдайға жалбарыну, дұға оқып жату – тазалықтың түні. Түшкіріп жөтелгенде, есінегенде, ауызды қолмен көлегейлеу – шариғаттың шарасы. Ыстық асқа үрлемеу – мик­роб таратпаудың жолы. Ал жүрек тазалығы, яғни барша тазалықтың қа­лы­бы. Бастысы, Аллаға тәуе­кел ету, оған үміт арту, әр уақыт дұға ету. Оны­мен қоса, үрейге берілмеу, сабырлы болу, ынтымақты болу. Желі­лер­дегі негізсіз, әрқилы мәлі­мет­терге, ақ­па­раттарға иланып, оны әркім­ге таратпау, яғни сақ­тан­ғанды Құдай сақ­тай­ды.

Мұхаммед (с.ғ.с) пай­ғам­­ба­рымыз: «Алла­һум­ма инни ағузу би­кә минәл бараси, уәл жунуни, уәл жузам, уә мин сәйиил әсқәм», яғни осы дұға арқы­­лы алапес, ессіздік, теріс ой, әртүрлі кеселдер­ден Жа­ратқан Аллаға сыйы­ну­ды үйреткен. Ал дуалы ауызды бабаларымыз нәпіл құлшылықтарын кү­шейткен, жамағаттар дұ­ға­­­ларын асырған, ел бір­лі­гін бекемдеген. Бұл кезең жақ­сылықтардың көбейіп, мейірім­­діліктің артып, кү­нә­­дан қашатын нағыз ұлы мүм­кіншіліктің сындарлы сәті.

 

Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ,

дінтанушы, имам