• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2020

Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті

263 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Cыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына (СІМК) қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шараға Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Мажарстан Сыртқы және сауда министрінің орынбасары Левенте Мадьяр қатысты.

Іс-шара күн тәртібінде Түркі кеңесіне мүше емес мемлекеттер және ұйымдар арасында ынтымақтастық орнату, ұйымның атауын өзгерту, «2040 – түркі келешегі» бағдарламасы және кезекті саммит мерзімдері іспеттес өзекті мәселелер қарастырылды. 

Сыртқы істер министрлері Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы туралы ережені қабылдады. 2019 жылғы 15 қазанда ТМЫК 7-ші саммитінде  Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңестің Құрметті төрағасы ретінде сайланған.

М. Тілеуберді өз баяндамасында Елбасы Н. Назарбаевтың былтыр Түркі кеңесінің 7-ші Саммитінде ұйымның атауын өзгерту және «2040 – түркі келешегі» бағдарламасын дайындау туралы бастамаларына назар аударды.

Түркі кеңесінің Бас хатшысы, қазақстандық дипломат Бағдад Әміреев өз баяндамасында халықаралық қауымдастықтың Түркі кеңесіне қызығушылығы арта түскенін хабарлады. Осыған байланысты, СІМК барысында ұйымға бақылаушы және серіктес мәртебесін алу туралы ереженің қабылдануының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар тараптар Түркі кеңесінің 8-ші Саммитінің мерзімдері мен өткізу орны бойынша мәселелерді талқылады.

СІМК шеңберінде Министр М.Тілеуберді Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас Хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен екіжақты кездесу өткізді.