• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

«Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсының жеңімпаздары анықталды

273 рет
көрсетілді

Шымкентте орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсы аяқталды.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы І орынға лайық деп танылды.

Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп – гимназиясының оқушылар Бақтыбай Ғабиден, Мусаев Жантөре «Jarvis» роботы жобасымен ІІ орынды жеңіп алды. «Ақылды жылыжай» жобасын ұсынған Тұран Елдос жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды.

Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық кезеңге жолдама алған.

«Үздік жобалар туризм, IT, Ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, Агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған», - дейді шара ұйымдастырушылары.

Шымкент