Мемлекет басшысының ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою тапсырмасына сәйкес қалалық Абай аудан әкімі аппаратының ғимаратында «Open Spase» жобасы бойынша азаматтарды ашық әрі кедергісіз қабылдау кеңсесі ашылды.
Аталған кеңседе қабылдауға келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалған.
Кеңсенің басты қызметі Абай ауданы әкімі, орынбасарлары және аппарат басшысының күнделікті азаматтарға қабылдау жүргізіп, мәселелерін тыңдап, оларды шешу бойынша азаматтармен тиімді кері байланыс орнату болып табылады.
Шымкент