• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Ақпан, 2020

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өткізіледі

296 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 15-16 ақпан күндері қалалық ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтетін болады. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының өндірушілерінің бағасымен көкөніс өнімдері сатылады. Атап айтқанда, қала тұрғындарының картоп, сәбіз, пиязды – 85 тг/кг, қырыққабатты – 100 тг/кг мен сиыр еті – 1800 тг/кг бағасымен сатып алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетсек, жәрмеңкелер әр апта сайын сенбі, жексенбі күндері Қошқарбаев даңғылы 37/1 мекен жайы бойынша «Аспан базар» сауда үйінде өтеді.