• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2020

WhatsApp жаңа рекорд орнатты

131 рет
көрсетілді

Мессенджерді қолданушылардың саны 2 миллиардқа жеткен. Бұл туралы компанияның блогында жарияланды. 

Платформа өкілдері жіберіліп жатқан ақпаратты қорғауға көп көңіл бөлетінін атап өтті. WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаның бәрі алмаспайтын шифрлармен қорғалған. Бұл шифрлар - жазбаңызды хакерлер мен алаяқтардан қорғайтын цифрлық құлыптың бір түрі.

«Хабарлама тек сіздің телефоныңызда сақталады, оны үшінші адам оқи алмайды. Қоңырауларыңызды ешкім тыңдай алмайды, тіпті, біз де. Сіздің жазбаңыз өзіңіз бен әңгімелесушінің арасында қалады», - деп жазылған WhatsApp блогында.