Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, бұл қызмет түрі қоғамға өте қажет. Өйткені адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болуы тиіс.
Бұл дегеніміз, азаматтардың әртүрлі жағдайлармен қателікке жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тарталғаннан кейін адам психологиялық дағдарыстарға ұшырайды. Яғни олар қоршаған ортадағылармен және де өздері де қоғамнан моральдық жағынан да іштей болсын шеттетіледі. Осы кезде ондай тұлғаларды қоғамнан шектемей, оларды барынша қоғамға қайта бейімдеуге оңды ықпал ету мақсатында оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету (психологиялық, денсаулық жағдайына қарай медициналық, құжаттарын алу бойынша қысқа мерзімдік оқуға жолдау, тұрақты немесе мерзімдік жұмысқа орналастыру, бір реттік ақшалай әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал жасау) бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар мен жұмыстар жиыны, сондай-ақ, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау; заңдылық; ізгілік; сотталғандарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындау және жүзеге асыру кезінде сараланған және қоғамға пайдалы белесенді мінез-құлқын қалыптастыруды пробация қызметі реттейді.
Пробацияның идеясы – «түрме тұрғындарын» азайту, қылмыскерді бас бостандығынан айыру немесе жазасын қысқарту мүмкіндігін беру. Бұл сынақ сот жүктеген міндеттер арқылы: жәбірленушіге өтемақы төлеуге және оны қоғамдық кешірімге әкелуге, әлеуметтік маңызы бар обьектілерде тегін жұмыс жасауға, емделуге, алкогольді ішпеуге, белгілі бір қызметке қатысуға тыйым салынады. Бұл заң белгілі бір уақытта үйден шықпастан, сынақтан өтіп, жаза мерзімін өтеуге мүмкіндік береді. Біз өз тәжірибемізді тереңірек зерделеп, заңдылықты түзетіп, ой-санамызды, құқықтық мәдениетімізді, мемлекеттік және әлеуметтік құрылымымызды ескере отырып, үздік әлемдік үлгілерді енгізуге ұмтылдық. Қазіргі таңда пробация қызметкерлері сотты болған адамды отбасынан, туыстарынан ажыратпай, оның бойынан қоғамды сыйла, заңға бағыну т.б. жақсы мінез- құлқы қалыптастырып, қайта бейімдеу жұмыстарын жүргізеді. Мұның азаматқа, жалпы келер ұрпаққа тиер пайдасы мол. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу, яғни ол мыналар әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беру, тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру, оңалту іс-шараларын ұйымдастыру мәдени іс-шараларға қатысуға тартуда, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз ету.
Осы кезекте азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалардың пробацияны жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екенін баса айтқан жөн. Олар пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті ұсынуға ерікті түрде жәрдемдесу арқылы мынадай нысандарды іске асыра алады: пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмекті жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп және іске асыру, социологиялық және өзге де мониторингтер жүргізу, пробациян реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобарын әзірлеу барысында қоғамдқ талқылауға қатысу, пробация мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші және сарапшы органдардың жұмысына қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда өзге де жәрдем көрсету мүмкіндіктеріне ие.
Пробация қызметіне келіп өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды білдіргілеріңіз келсе, пробация есебінде тұрған азаматтарға көмек көрсетемін десеңіздер (жұмысқа қабылдау, отбасына жәрдемдесу, мәдени-спорттық іс-шаралар т.б) еріктілер ретінде тіркеліп топ құрып қатарға қосамыз деген ойларыңыз болса пробация қызметі сіздермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын. Сөз соңында келешегіміз үшін бірлесіп елімізде соттылықты азайту, қылмысты болдырмаудың жолын табайық деген ой тастағым келеді.
Бибігүл ҚАНАТБАЕВА,
Атырау облысы Индер аудандық
Пробация қызметі тобының әділет аға лейтенанты