• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2020

Алматы облысы: Бизнесмендер баспана сатып әперді

297 рет
көрсетілді

Қапшағай қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынған «Teniz Towers» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. Жетпіс пәтерден тұратын жаңа кешен өңірдегі баспана мұқтаждығын шешуге бағытталған еңбектің жемісі.

Айтпақшы, бұл жолы өз шаңырағына қол жеткізген адамдардың қуанышы тіптен бөлек болды. Осы тұрғын үй кешенінен 30 пәтерді жеке қаржысына сатып алған белгілі кәсіпкерлер – Болат Әбілев пен Ораз Жандосов жаңа үйлерді мұқтаж жандарға сыйға тартты.

- Халықтың әл-ауқатын арттыруға орай Алматы облысында нақты іс атқарылуда. Тұрғын үйлер бюджет қаржысынан пайдалануға берілуде, бұл ортақ іске біздің меценат жерлестеріміз де зор үлес қосып келеді. Өткен жылы облыста 894 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесінде 2443 отбасы баспаналы болса, соның ішіндегі 1779 отбасы – әлеуметтік әлжуаз топтар мен көп балалы отбасылар. Жалпы өткен жылы облыста көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға 40 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы осы мақсатқа бюджеттен 59 млрд. теңге қарастырылып отыр. Ал бүгін біз облысымызда ірі жобаларды жүзеге асырып жатқан бизнесмендердің көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, мүгедек жандарға өз қаражатына 30 пәтер сатып алып бергенінің куәсі болып отырмыз, деді қоныс тойын атап өтуге жиналған жұрт алдын сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов.

Ал сөз кезегін алған қос меценат – Болат Абилов пен Ораз Жандосов тұрғындарды құттықтап, бұл игі іс жалғасын табатынын айтты.  

Бүгін - біздің компаниямыз үшін де маңызды күн. Біз жаңа үйден 30 пәтер сатып алып, адамдарды қуантқанымызға ризамыз, деді Болат Әбілов.

Айтпақшы, Әбілов – Жандос тандемі Алматы облысының экономикасына инвестиция салу ісінде де озып тұр. Өткен жылы қыркүйек айында кәсіпкерлердің қаржысына Қапшағай қаласының маңында күн электр стасасының құрылысы аяқталып, іске қосылған.

- Облыс басшысының, Қапшағай қалалық әкімдігінің қолдауының арқасында Қапшағай күн электр стансасы табысты жұмыс істеп тұр. Станса жұмысы сіздерге қуаныш сыйлау туралы ойға алған игі мақсаттарымыздың орындалуына мүмкіндік жасады, - дейді Ораз Жандосов.