• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2020

2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі

1132 рет
көрсетілді

Түркістан облысы 2018 жылы 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының атауын өзгерту нәтижесінде пайда болды. Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының, жалпы бүкіл түркі дүниесінің саяси және рухани өмірінің өзегі болды. Өңірдің бүгін қалай дамып жатқаны және 2019 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы айтылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Өңір аумағы — 116,1 мың км2. Облыста облыстық маңызы бар 3 қала, 13 аудан, 836 елді мекен, 177 кент және ауылдық округтер бар. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметтер бойынша облыста 2 млн астам адам тұрады. 

Өңірдің басты мақтанышы әрі жауһары — Түркістан қаласы түркі дүниесінің рухани астанасы, оның бай тарихы, зор болашағы бар. Қала Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан. 

Бүгінде өңірде қым-қуат тіршілік қарқынды жүруде: ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде, инфрақұрылым жылдам дамып жатыр, сауда саласы дамуда. Облыс зор мүмкіндіктер өңірі ретінде танылды. Шынымен де, облыстың экономикалық даму әлеуеті өте зор. 

Өңірде жұмыстар төрт аса маңызды бағыт бойынша жүргізілуде: шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инветсициялар тарту, экспортты ұлғайту, туристік әлеуетті ауқымды жүзеге асыру. 

ШОБ — өңір экономикасын дамытудың негізгі драйвері 

Шағын, оның ішінде микробизнес Түркістан облысының ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты міндеттер мен мақсаттарды ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында қойды. Түркістан облысының әкімдігінде атап өткендей, қазіргі кезде өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әкімшілік кедергілерді жою, бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдету үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, облыс ШОБ субъектілерінің саны жағынан көшбасшылар қатарына енді — облыста 141,9 мың кәсіпкер жұмыс істейді (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша). Бір жыл ішінде олардың саны 8,5%-ға артқан.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2019 жылы қаңтар-қыркүйек айларында 449,3 млрд теңгеге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 132,8%-ға өнімдер (тауарлар мен қызметтер) өндірген. 

Кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды әлеуметтік мәселені шешкенін айта кеткен жөн — өңірде жаңа жұмыс орындары ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 214,8 мың адамды құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезеңнің деңгейінен 7,2%-ға артық. 

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек», АӨК дамыту, жас мамандарды қолдаудың «Жас кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламалары және «Кәсіпкер Ана» көпбалалы отбасыларды жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Сонымен қатар 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» жаңа жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы іске қосылды. 

Облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыру шаралары 

Түркістан облысы көптеген шетелдік инвесторлар үшін тартымды. Өңірдің негізгі артықшылықтары — географиялық тиімді орналасуы және логистика, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің болуы, табиғи ресурстарының молдығы, адам капиталы және еңбекақы төлеуде шығындардың төмен болуы, АӨК және туризмнің дамуының жоғары әлеуеті.

Түркістан облысының аумағында дайын инфрақұрылымы мен инвестициялық артықшылықтар беру мүмкіндігі бар алаңдар бар. Олар «Түркістан» арнайы экономикалық аймағы және аудандардағы индустриялық аймақтар. Үдеріске барлық мүдделі қатысушылардың жұмысын шоғырландыру мақсатында Жаңа «Инвестициялармен жұмыс архитектурасын» құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыста «TURKISTAN INVEST» арнайы инвестициялық компаниясы жұмыс істейді, онда 24/7 режимінде жобаның барлық кезеңінде сүйемелдеумен «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға барлық толық қызмет түрлері көрсетіледі. Сонымен қатар бірыңғай ақпараттық порталды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда өңірдің әлеуеті туралы ақпарат пен бос жер телімдері мен қажетті инфрақұрылымның болуы көрсетілген интерактивті инвестициялық карта жарияланады. Сонымен қатар, облыс әкімдігі «Invest House» құру мәселесін пысықтап жатыр, оның алаңында инвесторлардың келуін жеңілдетуі тиіс барлық ұйымдар орналастырылатын болады. 

Атқарлыған жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы толық бағалауды ескерумен негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 441,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,5%-ға артық. 

Мемлекеттік бюджет қаражаты 198,5 млрд теңгені құрады, үлесі – 45%, өз қаражаты – 199,2 млрд теңге, үлесі – 45,1%. Займ қаражатының үлесі Доля 9,9%, немесе 43,5 млрд теңгені құрады.

Инвестициялар салуда басымдықты салалар өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен операциялар, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығы болды, инвестициялардың жалпы көлеміндегі олардың үлесі тиісінше 34%, 16,6% және 12,6% құрады. 

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту

Тарихи туризмнің алтын бесігіне айналған Түркістан, отандық та, шетелдік те туристердің арасында аса танымал. Облыста туризмнің әлеуеті аса зор. Ежелден рухани астана ретінде саналып келген Түркістан жылына бір миллионнан астам туристі қабылдауға қауқарлы. 

Түркістанда қалалықтар мен қала қонақтары үшін ойын-сауық орталықтары, заманау қонақ үйлер, тарихи-мәдени орталықтар, драма театры, мейрамханалар, Салтанат үйлері, аквапарк, спорт нысандары, базарлар мен супермаркеттер бар. Қала туристерге сапалы қызмет түрлерін ұсына алады деуге болады. Облыста орналасқан және ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Отырар ауданында орналасқан ежелгі қалалар Отырар мен Сауран, Арыстан баб кесенесі, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі, Түлкібас ауданының теңдессіз табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі саяхатшыларды әсемдігімен тамсандырады. 

Түркістанға облыс орталығы мәртебесін беру ел тарихының жаңа парағы болды. 

Қазақстан Республикасында 2023 жылға дейін туристік индустрияны дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасына сәйкес, облыс «Ұлы Жібек жолын жаңғырту» кластеріне енгізілген. Түркістан қаласы кластердің негізгі нысаны ретінде айқындалған. Облысқа келетін туристер ағымы жылдан-жылға арта түсуде. 

Түркістан облысында өнеркәсіптік өнім өндірісі өсті 

Түркістан облысында өнеркәсіптік өнім көлемі 2019 жылы 500 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 245 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері тамақ өнімдері өндіру, жеңіл және химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика өндірісі және басқа да бейметалл минерал өнімдер өндірісі тәрізді салаларда артты. 

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынын арттыру мақсатында 2019 жылы кәсіпкерлікті қолдау бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. 2019 жылы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 22 млрд теңге бөлінді. Барлығы 800-ден аса жұмыс орны құрылды. 2020 жылға қарай тағы 11 жобаны іске асыру көзделген. 

Үкімет мемлекеттік сектор сатып алуларында жергілікті контент үлесін арттыруды тапсырды. Осыған байланысты «қарапайым заттар экономикасы» саласында тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесінің нысаналы көрсеткіштерін мемлекеттік ұйымдар өткен жылы біршама арттырылды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары 60 %, жиһаз — 62 %, құрылыс материалдары — 67%, азық-түлік өнімдері — 85% орындалды. Соңғы бағыт бойынша Түркістан облысының көрсеткіштері еліміз бойынша бірінші орында. 

Электрмен қамту, газ беру, бу мен ауаны кондициялау көлемі 27 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 108,7% құрады, «сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау» саласында жұмыс көлемі 6,9 млрд теңгені немесе 132,9% құрады. 

Аса маңызды өнім түрлерінен мұнай өнімдерінің өндірісі ұлғайды — 9,4% (250,7 мың тонна), мақта талшығы өндірісі — 4,4% (72,2 мың тонна), электр қуаты — 30,2% (512,6 млн кВт/сағат) ұлғайды.

Түркістан облысы — АӨК өнімдерін өндірушілер саны жағынан көш басында 

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 629,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,7% артық. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері тиісінше 355,3 млрд теңге (105,7%), мал шаруашылығы өнімдері — 271,4 млрд теңге (103,6%).

Облыстағы барлық санаттағы шаруашылықтарда 230,1 мың тонна ет өткізілді (тірі салмағында), 722 мың тонна сүт, 188,4 млн дана жұмыртқа өндірілді. 

2020 жылғы 1 қаңтарджағы жағдай бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара мал басы 1 052,9 мың басты құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,9%, қой мен ешкі — 4 290,6 мың бас немесе 105,1%, жылқы — 346,4 мың бас немесе 108,2%, түйе — 30,3 мың бас немесе 108,5%.

2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ретінде 17,4 мың заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелді. Бұл ретте жұмыс істейтін заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің ең көп саны Түркістан облысында жұмыс істейді. Облысқа сонымен қатар жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың ең көп шоғырлануы тән. 

Түркістан қаласы қалай салынып жатыр?

Бүгінде Түркістанда құрылыстар қарқынды жүргізілуде. Тек 2019 жылы 9 нысан салынды — облыс әкімдігінің, келу орталығының, Неке сарайының, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараттары, Амфитеатр, Музыкалы фонтан, Музыка мектебі, Олимпиада резерві мектебі, Шығыс моншасы.

Қазір Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтарында 15 мәдени-әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады. 

Әкімшілік-іскерлік орталықта 8 нысан бар — бассейні бар Спорт сарайы, 7000 орынға шақталған стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық офис, аттракциондары бар саябақ.

Рухани-мәдени орталықта 7 нысан бар — Қ. А. Яссауи кесенесі, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнершілер орталығы, ғылыми-әмбебап кітапхана, Драма театры, Тұңғыш Президент саябағы, Арбат.

Инвестициялар есебінен «Rixos», «Hampton by hilton», «Нұр-Әлем», фитнес орталығы, бес мың адамға шақталған мешіт құрылысы жүргізілуде (бұл құрылыстар 2020 жылы аяқталады). 

Рухани-мәдени орталықта «Керуен Сарай» құрылыс басталды. Қ.А. Яссауи кесенесінің буферлік аймағында абаттандыруды аяқтау көзделуде. Сонымен қатар, көлемі — 20 га созылатын Б. Саттарханов даңғылы бойымен өтетін саябақ құрылысы және әкімшілік-іскерлік орталықтағы гүлзардың жалғасы аяқталады.

Түркістанда шамамен 6 мың пәтер пайдалануға берілді 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 182,1 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 129,1%-ға артық.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 69,4 млрд теңге инвестиция бағытталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,8%-ға артық.

2019 жылы Түркістан облысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 620,4 мың шаршы метр немесе 5879 пәтер пайдалануға берілді, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 160%-ға артық. Оның ішінде: жеке тұрғын үй — 2737 пәтер, көп қабатты тұрғын үй — 3142 пәтер.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Түркістан облысы бойынша тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрғандар саны 37 084 адамды құрайды.

2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жалпы ауданы 231 мың шаршы метр 64 тұрғын үй немесе 3 413 пәтер құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша 46 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 2 432 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы Түркістан облысында 550,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл қорытындысы бойынша 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5846 пәтер пайдалануға берілді.

5846 пәтердің 176-ы қызметтік тұрғын үй, 2432 – жалдамалы, 2737 – жеке тұрғын үйлер және 501-і жеке құрылыс салушыларға тиесілі. Соның нәтижесінде жыл басына белгіленген жоспар 129%-дан астамға орындалды.

Сонымен қатар биыл мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қорын құру бойынша Түркістан облысында 64 тұрғын үй, жыл соңына дейін 44 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге 48, 72 және 84 пәтерлік 24 облигациялық 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ «Түркістан» ӘКК арқылы 47 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке құрылыс салушылар арқылы 3286 пәтерлік 65 тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі жыл сайын азайып келеді

2019 жылғы ІІІ тоқсанда облыстың экономикалық белсенді халқының саны 796,9 мың адамды, жұмыссыздар саны — 40,4 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,1% құрады.

Түркістан облысы бойынша жұмыссыздық деңгейі жыл сайын 0,1%-ға (2018 жылы – 5,2%, 2019 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша – 5,1%) төмендеуде. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында 2019 жылы 95 980 адам жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылды, экономиканың түрлі салаларында шамамен 25 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 9 143 адамды жіберу жоспарланған. 9-11 сынып мектеп бітірушілері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген азаматтар арасынан 3 401 адам техникалық және кәсіптік оқытумен қамтылатын болады (оқу мерзімі 2,5 жыл), іс жүзінде 3401 адам (100%) бағытталды. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 5 742 адамды жіберу жоспарланған, нақты 5 746 адам жіберілді (100%).

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 11 412 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде:

Бизнес-Бастау жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша 1320 адамды оқыту, 2 065 адам жіберілді, 1 914 адам оқуды аяқтап, сертификат алды (156,4%).

2000 адамға микрокредит беру, 1859 адамға микрокредит берілді.

7 892 адамға гранттар беру жоспарланды, іс жүзінде 7 903 грант (100,1%) берілді;

қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 200 адамға несие беру, 1160 адам микрокредит алды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту» 3 бағыты шеңберінде 59 048 адамды жұмысқа орналастыру шараларымен қамту жоспарлануда.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 73 846 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде:

54 463 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды;

жаңадан құрылып жатқан жұмыс орындарына 2573 адам жұмысқа орналастырылды;

әлеуметтік жұмыс орындарына 4431 адам жіберілді;

жастар тәжірибесіне 6783 адам жіберілді;

қоғамдық жұмыстарға 5596 адам жіберілді.

2019 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:

жұмыссыздық деңгейі – 5,1%; 

жастардың жұмыссыздық деңгейі – 4,2%;

әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 7% құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 29248 жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1094 жұмыс орны;

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 294 жұмыс орны;

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1210 жұмыс орны;

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 290 жұмыс орны;

«Аумақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 4630 жұмыс орны;

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша 2418 жұмыс орны;

«2019 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 1476 жұмыс орны;

мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде 14908 жұмыс орны ашылды.

Құрылған жұмыс орындарының ішінен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2573 адам жұмысқа орналастырылды.

Түркістан облысының медициналық ұйымдары МӘМС жүйесінде жұмыс істеуге тиісті деңгейде дайын

2019 жылы 9 денсаулық сақтау нысанының құрылысына бюджеттен 6,1 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен — 5 млрд теңге, облыстық бюджеттен — 1,1 млрд теңге.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 7,6 млрд теңге қарастырылған.

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің желісі 788 объектіні қамтиды,оның ішінде: ауруханалар – 31, амбулаториялық-емханалық мекемелер, медициналық пункттер, фельдшерлік-амбулаториялық пункттер, басқа да ұйымдар – 757. 

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдік берілген тегін медициналық қызмет көрсетудің жаңа жүйесі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа пакеті күшіне енді. Жарналарда айырмашылықтар болуы мүмкін, дегенмен әрбір сақтандырылған адам өзі мүдделі медициналық көмек көлемін алады. МӘМС аясында халықты медициналық қызметтермен қамту бүкіл ел бойынша 95%-дан асатын болады деп болжанған (МӘМС енгізу үшін ұсынылған шекті деңгей кемінде 80% болады).

Түркістан өңірінде бұл қамту халықтың 91,6%-ын құрайды. Облыста 114 денсаулық сақтау нысаны тіркелген. «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Түркістан облысындағы филиалы 2019 жылы 75 жеткізушімен, оның ішінде 40 мемлекеттік (51,3%) және 35 жеке меншік ұйымдармен (48,7%) келісімшарттар жасасты. Бүгінгі таңда МӘМС-ке азаматтардың жарналарын қабылдау функциясы бар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары Бәйдібек, Түлкібас, Сарыағаш, Леңгір, Абай, Арыс, Кентау, Ордабасы, Созақ, Асықата, Мырзакент, Қазығұрт, Шардара, Атакент, Жетісай, Төлеби аудандарының ауруханаларында және Түркістан, Кентау, Леңгір қалалық емханаларында орнатылған. Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 100% интернетпен қамтамасыз етілген, цифрландырумен толық қамтамасыз етілуі байқалады. Қазіргі уақытта облыста 3 медициналық ақпараттық жүйе (ДАМУМЕД, ҚАЗМЕДИНФОРМ, көмек) жұмыс істейді.

Өңірде азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын тұрақты жұмысқа тартуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес өңірдегі 5300 дәрігердің жалақысы 30%-ға, ал 18 мыңнан астам орта буын мамандарының жалақысы 20%-ға артты.

2019 жылы 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы): Жетісай ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Жетісай қалалық емханасы. Мақтарал ауданы Атакент кентінде бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана. Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана. Кентау қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана. Сайрам ауданы Ақсукент ауылында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын аудандық емхана. Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталық ғимаратына жапсарлас 150 төсек орындық ғимарат құрылысы. Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылдық округіндегі «Қызылжар» дәрігерлік амбулаториясының құрылысы. Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі, Қаратөбе ауылында ауылдық емхана құрылысы.

«Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 2587 маман біліктілікті арттырудан өтті, оның ішінде 149 маман шетелдік клиникаларда (Новосибирск, Мәскеу, Түркия) тағылымдамадан өтті.

Инклюзивтілікке баса көңіл бөлу

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 96,4%-ды құрайды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% құрайды.

Облыста 481,3 мың оқушы контингенті бар 899 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 899 мектеп телефондандырылған және Интернет желісіне қосылған. 899 мектепте 2 675 интерактивті тақта орнатылды. Мектептерде 42,8 мың бірлік компьютерлік техника бар немесе 1 компьютерге орта есеппен 10,5 оқушыдан келеді.

2020 жылы 13 870 оқушы орнына арналған 47 білім беру объектілерінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 11,5 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін 4 570 оқушы орнына арналған 12 білім беру объектілерінің құрылысын пайдалануға тапсыру жоспарлануда. 

Осы құрылыс есебінен ғимараты апатты жағдайда болып келген екі мектептің және үш ауысымда білім беріп келген бір мектептің мәселесі шешіледі.

Қалған, ғимараты апатты жағдайдағы 5 мектептің және үш ауысымда білім беріп келеген 4 мектептің мәселелері 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешілетін болады.

Түркістан педагогтарының жоспарында инклюзивті білім беру жүйесін реттеу көзделген. 2019 жылдың қараша айында Түркістан қаласында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды. Жаңа орталықта ерекше балалар мен олардың отбасыларына барлық жағдай жасалған. Мұнда олар дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массаж жасаушы, тифлопедагог секілді мамандардың білікті көмегін ала алады. Қызметтер балаларға және олардың отбасыларына тұрғылықты жері бойынша тегін көрсетіледі. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 300-ден астам бала сала мамандары командасының жоғары білікті көмегін ала алады.