• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Кино 14 Ақпан, 2020

Тимур Бекмамбетов Кеңес Одағының батыры туралы фильм түсіреді

395 рет
көрсетілді

Режиссер Тимур Бекмамбетов алғашқы вертикаль форматтағы фильмінің түсірілімін бастайтын болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

«Девятаев» (басқа нұсқа бойынша «Фау-2. Побег из ада») картинасы Кеңес Одағының батыры, неміс тұтқынынан ұшақпен қашқан Михаил Девятаев туралы.  Бұған дейін Тимур Бекмамбетов Кино қорында жобасын қорғаған кезде 1945 жылы неміс концлагерінен қашып шыққан ұшқыш туралы картинасын ұсынған болатын. Жоба Қордың қайтарымсыз қаржылық қолдауына ие болған.  Жобаның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл - екі форматта түсірілетін алғашқы толық метражды фильм.  Соңғы уақытта screenlife форматында көп жұмыс істеп жүрген Тимур Бекмамбетов жақын арада түсірілімге кіріседі.