Республикалық оқу-жаттығулары барысында облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылында Жедел әрекет ету жасағы, Төтенше жағдайлар департаменті қардан тазалау және су сору техникаларының дайындығын тексерді.
Сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында өткізіледі. Жеке құрамнан 600-ден астам адам мен 300-ге жуық техника жұмылдырылды. Алдына ала инертті материалдар мен қаптар дайындалуда.
Департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ қалалық және аудандық әкімдіктерде жедел штабтар құрылған.
Қазір су тасқынына қарсы жұмыстар барлық аудандар мен қалаларда жүргізілуде. Өңірде 31 ауылда су басу қаупі бар.
Ал, «Көктем - 2020» оқу жаттығу шараларының дайындық шеңберінде «Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Кенжекөл ауылы Әбдіков көшесі бойындағы 40 тұрғын үйді су басу қаупі туындады» деген хабар келіп түсті.
Төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес жедел кезекші шұғыл түрде қаланың және ауыл әкіміне хабарлады.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша ТЖ жою жөніндегі жедел штаб құрылып, қаланың азаматтық қорғау қызметтері хабарландырылды.
Жаттығу іс-шараларды өткізу барысында Кенжекөл ауылының әкімдігі тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі мен қауіп-қатері туралы хабардар етті.
Облыстың ТЖ Департаментінің мәліметінше, 7 бірлік, қалалық бөлімнен 2 бірлік, барлығы 19 бірлік техника және жеке құрамнан 40 адам тартылды.
Эвакуацияланған халықты қабылдау үшін ауыл әкімдігі эвакуациялық жинау пункті, ауылдың Мәдениет үйінде ыстық тамақпен қамтамасыз ететін, 200 төсек-орынға тұрғындарды уақытша орналастыру пункті ашылды.
Су басу ықтимал жерлерге 140 тонна инертті материал (құм) жеткізілді. 1500 тонна инертті материал (құм), 1000 дана қаптар, 5000 литр ЖЖМ және 2700 литр дизель отыны қоры бар.
Су тасқынына оқу-жаттығу дайындық кезінде Кенжекөл ауылының көшелерінен 400 тонна қар шығарылды және 5 су өткізу құбырларын тазалау жүргізілді.
Павлодар облысы