Қызылордадағы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға Алматы қаласындағы Ресей Бас консулдығының қызметкері Ольга Мощеева келіп, біраз кітаптар сыйға тартты. Бұл туралы облыстық ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, облыстық кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова және мекеме қызметкерлері қатысты.
Ресей Бас консулдығының өкілі кітапхана жұмысымен танысып, 1 наурыз - Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған тақырыптық кітап көрмесін қызыға тамашалады.