• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2020

Алматыны дамыту бағдарламасы талқыланды

236 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардың шығармашылық қауымдастық өкілдерімен кездесіп, креативті экономиканы дамыту перспективаларын талқылады. Басқосуда мегаполистегі түрлі салаларды өркендету бағыттары кеңінен сөз болды.

Алматы әлемнің дамыған 100 қаласына қатарына қосылуы керек. Бақытжан Сағынтаев алда осындай маңызды міндеттің тұрғанын айтты. Осы мақсатта қалада креативті индустрияны дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр. Қауымдастық мүшелері барлық аудандарда креативті индустрияны дамыту үшін инфрақұрылым жасау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, шикізат базасын арттыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, дарынды балалар мен жастар, соның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін арнайы курстар ұйымдастырылмақ.

«Бүгінде Алматыда кәсіпорындардың жалпы санынан креативті индустриялар үлесі 6,3% -ды құрайды. Креативті экономика қаланың өсуі мен әл-ауқатының негізгі драйверлерінің бірі болады деп жоспарланып отыр. Алға қойған міндетке жету жолында Алматының әлеуеті жетеді. Бұл тұрғыда баршаңызды бірлесіп еңбек етуге шақырамын», – деді Бақытжан Сағынтаев.