Ухан қаласында ашылған «Цзянхань» уақытша ауруханасы соңғы 34 пациентті шығарып салып, ресми түрде жабылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Аурухана жұмыс істеген 34 күннің ішінде оған емделуге 1848 адам түсіп, соның 521-і басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылды, тағы 1327 адам шығарылды.
Еске сала кетейік, коронавирус дерті алғаш рет Ухань қаласында (ҚХР) пайда болып, бүкіл әлемге тарала бастаған.