«IDC Future of Work Forum 2020» Халықаралық форумы алаңында цифрлік трансформация және озық технологиялар саласындағы сарапшылар, сала көшбасшылары және жетекші аналитиктер тиісті технологиялар көмегімен еңбекті түбегейлі түрде өзгертуге арналған стратегиялар мен тұғырларды талқылау мақсатында бас қосты.
Қазіргі таңда еңбек тұжырымдамасындағы басты өзгерістер ретінде келесілер атап өтілді: корпоративтік мәдениеттің трансформациясы және жұмысшылар құзыреттілігінің түбегейлі түрде өзгеруі; тәулік уақытына немесе кеңістікке байланысты емес қарқынды жұмыс орнын құру; командалар мен қызметкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту; адам мен машина арасындағы ынтымақтастыққа көмектесу.
Сарапшылардың пікірінше, болашақта жұмысты адам да, машина да атқаратын болады. Технологиялар адам еңбегін автоматтандырып, қосымша құнды беру үшін жаңа мүмкіндіктерді жасай отырып, оны толықтырады. IDC болжамы бойынша 2024 жылға қарай құрылымдалған қайталанбалы міндеттердің 50%-ы автоматтандырылып, ғылымды қажетсінетін міндеттерді атқаратын жұмысшылардың 20%-да «цифрлік әріптестері», мәселен, жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық жабдықтама немесе басқа да цифрлік технология пайда болмақ.
Майкрософт компаниясының мәліметтері бойынша серіктестердің 81%-дан астамы келесі екі жылда заманауи жұмыс орындарына инвестиция құймақ. Басшылардың 83%-ы ақпараттық технологиялар арқасында жұмыс үдерістері жақсы жаққа өзгеріп жатыр деп есептейді.
Майкрософт Қазақстан бас директоры Тибор Колеяктың айтуыша: «Қазіргі заманғы жұмыс орнында қашықтықтан жұмыс жасауға болады, қызметкерлер заманауи технологиялар, мәселен, бұлттық шешімдер немесе бейнебайланыс құралдары арқасында кез келген жерден жұмыс жасай алады. Жаңа технологиялар қызметкерлердің тиімділігін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге, өз жұмысынан қанағат алуға мүмкіндік береді. Мәселен, қызметкерлер «work-life balance”аясында қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндігін жоғары бағалайды. Global Workplace Analytics өткізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, технологиялар саласында қызмет ететін мамандардың 37%-ы үйден жұмыс жасау мүмкіндігін алу үшін жалақыны 10%-ға дейін қысқартуға келісетіндігін айтқан».
Қазіргі заманғы жұмыс орны қызметкерлер мүмкіндігін кеңейтудің іргетасы болып табылады. Компаниялар цифрлік трансформациядан өткен сайын, қызметкерлерге өз жұмысын жақсырақ атқарып, оларды шабыттандырып, жұмысқа ынталандыратын жұмыс орнындағы беталыстарды ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс мәдениетін қалыптастыра бастады. Яғни замануи жұмыс орындарын құру үшін қаржы құйып отырған компаниялардың 5-10 жылдан кейін де өз бизнесін жалғастыру ықтималдығы жоғары.
Жұмыс орнына инвестиция құю арқасында жаңа инновациялардың пайда болуы үшін мүмкіндіктер кеңейіп, бұл қызметкерлердің құзыреттілік деңгейінің көтерілуіне, табыстың ұлғаюына, өнімділік пен тиімділіктің артуына жағдай жасап, ең бастысы, шығындардың төмендеуіне әкеледі.
Қашықтықтан жұмыс жасауға жаппай өту қызметкерлерді басқарудың нәтижеге бағытталған жаңа әдістерін қолдануды білдіреді. Жаңа жұмыс жасау әдістеріне сәйкес келетін технологиялық шешімдерді – ақпаратқа қауіпсіз түрде қол жеткізуге, қашықтықтан кездесулер өткізуге, қашықтықтан жұмыс жасайтын команда еңбегін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технологияларды дайындау қажет.
АЛМАТЫ