• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2020

8 жылда ERG Павлодар облысына 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлген

195 рет
көрсетілді

Жуырда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов және Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директорының орынбасары Алдияр Қазтаев өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Облыс  әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл рәсімге ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысқан.

Меморандумға сәйкес Еуразиялық Топ өңірдегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға 2,9 млрд теңге бөлінбек.

Ал меморандум бойынша бөлінген қаражатқа білім беру, қоғамдық көлік пен коммуналды шаруашылық салаларын цифрландыру, Екібастұз қаласында біліктілік орталығын ашу, Ақсу кентінде жылу қазандығын іске қосу жоспарланған.

Қаражаттың бір бөлігі өңірдегі футболды қолдауға бағытталады.

 - Соңғы 8 жыл ішінде ERG аймағымызға 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген. Көптеген әлеуметтік нысандар жөнделіп, жаңадан салынып, қоғамның игілігі үшін қызмет етуде. Бүгінгі меморандум бұл тәжірибенің жалғасы болмақ, - деді Әбілқайыр Сқақов.

 - Бұл - заманауи әрі жаңа жобалар.  Біз облыс тұрғындарының өмірін жақсартатын жобаларды жылдам жүзеге асырғымыз келеді,- деді А. Машкевич.

 

Павлодар  облысы