• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2020

Онлайн режімге ауыстырылады

219 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республи­касын­да коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиын барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағам­бе­тов қабылдаған шаралары туралы әңгімеледі.

«Мектеп демалысы 16 нау­рыздан бастап 5 сәуірге дейін ерте кезеңге ауыстырылды. Егер қажеттілік туындаса, 5 сәуірден кейін мектептер қашық­тық­тан оқытуға дайын болады. Мұға­лім­дердің біліктілігін арттыру курстары мүмкіндігінше қашық­тықтан оқыту форматына ауыстырылады, онлайн-фор­матқа ауысу мүмкіндігі бол­маған жағдайда белгісіз мер­зім­ге кейінге қалдырылады. Колледждер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқуға көшіріледі. Бірқатар жоғары оқу орындары, нақтырақ айтсақ, олардың 30 пайызы 13 наурыздан бастап онлайн-форматқа көшті. Жалпы, оқуды онлайн режімге ауыстыру жоғары оқу орындарында қиындық тудырмайды. Алайда барлық колледждердің қашықтықтан оқыту үшін қажет­ті базасы жоқ. Қазір қажетті базаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қоныс аудару мүмкіндігі бол­ма­ған жағдайда студенттерге жа­тақханада қалуға құқық бері­­леді. Алайда белгілі бір ре­жім орнатылуы тиіс, барлық іс-ша­ра­лар тоқтатылады. Балалар үй­ле­рі бойынша бұрынғы жұмыс режімі сақталады, бірақ сыртқы байланыстар қатаң шектелген», деді ол.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев жұмыс қызметін тоқ­та­та тұру немесе карантинде болу уақытына еңбекақы төлеу нор­малары туралы айтты.

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, медициналық мекемеге немесе үй оқшаулағышына қара­мас­тан карантиндегі барлық қыз­меткерлерге ауруханалық парақтар беріледі. Төлем жәр­дема­қы, еңбекке уақытша жарам­сыздыққа сәйкес жүр­гізі­леді. Өндірістің уақытша тоқ­та­ты­луы­на байланысты төлемақы жөнінде айтар болсам, 13 наурыздан бас­тап бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Соның ішінде СОО жанындағы кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдары жабылды. Осыған бай­ланысты, кейбір жұмыс бе­ру­­шілер қызметкерлерін жұ­мыстан босатуға мәжбүр. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес белгілі себептерге байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан мекеме жұмыс беруші мен қыз­мет­керге жалақының ең төменгі мөлшерін белгілейді. Егер бұл шара еңбек немесе ұжымдық шартта қарастырылған болса, төлем жоғары болуы мүмкін», деді ол.