• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Наурыз, 2020

Алматыда қоғамдық көліктер сағат сайын дезинфекцияланып жатыр

137 рет
көрсетілді

Алматы билігі қоғамдық көліктердегі тазалыққа аса мән беруде. Өйткені вирус темір тұтқаларда, есік пен терезелерде ұзағырақ сақталады. Мамандар автобусты құрамында хлор ерітіндісі бар қоспамен залалсыздандыруда. Айтуларынша, мұның жолаушылар денсаулығына ешқандай зияны жоқ.

Әр рейстен соң автобусты дезинфекциядан өткізу үшін қосымша жұмысшылар тартылған. Олар қоғамдық көлікті соңғы нүктеде күтіп, тазартып береді. Сондай-ақ, жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін маска тағу міндеттеліп отыр.

«Біздің автобус паркі 7, 57,109 бағыты бойынша негізінде Наурызбай ауданы тұрғындарын тасымалдайды. Дегенмен бірнеше аудан халқына қызмет етеміз. Қазіргі жағдайға байланысты, көлік жуатын жерде күнделікті сағат сайын тазалық жүргізіп жатырмыз. Қоспаның құрамында антисептик секілді әрекет ететін хлор қоспасы бар. Арнайы зауыттан сатып аламыз», – дейді  «Талапты» ЖШС автобус паркінің техникалық қызмет жөніндегі директоры Серік Жұмабеков.