Иран билігі коронавирусқа байланысты 85 мыңға жуық сотталушыны түрмеден босатты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Еске салайық, Иранда коронавирус дерегі алғаш рет 19 ақпанда тіркелген еді. Онда індетті жұқтырғандардың саны 15 мың адамға жетіп, олардың 853-і қайтыс болған.