• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстанда 65 адам карантиннен шығарылды

149 рет
көрсетілді

Б-санатты елдерден келген 8 адам - үйдегі карантинде.

Шығыс Қазақстанда 20 ақпаннан бастап А-санатты шет мемлекеттерден келген 79 азаматтың 65-і карантиннен шығарылды. Ал қалғаны - бақылауда. Б-санатты елдерден келген 8 адам - үйдегі карантинде. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінде сақтық шаралары үшін арнайы инфекциялық төсектер қойылған стационарлар жұмыс істеуде. Онда 500 инфекциялық төсек бар. Бұдан бөлек дәл осындай қосымша 413-і төсек дайын тұр. Оны тек қажетті жағдайда ғана қолданады екен. Ал провизорлық төсек саны 600-ді құрайды. Сондай-ақ карантиндік 2505 төсек бар. «Облыста аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Мұндағы басты мақсат – өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 42 адамнан анализ алынды. Бұл азаматтардың бойынан коронавирустық инфекция белгілері анықталған жоқ» деді Ілияс Мұхамеджан.

 ӨСКЕМЕН