• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Алматыдағы «Сұңқар» тұрғын үй кешені оқшауланды

191 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Зенков көшесінде орналасқан «Сұңқар» тұрғын үй кешені 15 күндік карантинге жабылды. Себебі мұнда инфекция ошағы болуы мүмкін.

Есте болса, кеше қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус індетінің ошақтары бар екенін мәлімдеген болатын.  Инфекцияның ары қарай тарау тізбегін бұзуды ұсынатын әрекеттер  алгоритмі туралы тілге тиек еткен Бабақұмаров, нақты мекен-жайларды атаған жоқ.

Алайда «Сұңқар» тұрғын үй кешені алғашқы індет ошағы ретінде оқшауланып отыр. Аталған көпқабатты үйдегі қауіпті індет жұқтырғандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Енді үй тұрғындарының далаға шығуына рұқсат жоқ. Кешен аумағында адамдарды қажетті тауармен қамтамасыз ететін бір ғана дүкен қызмет ететін болады. Ал тағам мен тауар жеткізген жағдайда курьер тапсырысты төрт бақылау-өткізу нүктелерінің біріне тастап кетуі тиіс.