• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Алматы облысы: Аулада ойнаған балаларға айыппұл салынған жоқ

466 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезіндегі сақтық шараларының күшеюі індеттің таралуына тосқауыл болатын тиімді шара екені анық. Осы кезеңде тұрғындардың сабырлы болып, тәртіпке бағынуы қажет-ақ. Әсіресе, дүрбелең туғызатын жаңсақ пікір мен жалған ақпарат тарату қылмыспен пара-пар. Өкінішке қарай, елі ішінде мұндай жағдай болып жатыр.

Екі күн бұрын WhatsApp желісі арқылы Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген балаларға полиция қызметкерлері келіп, төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін айппұл салғаны жайында ақпарат тарған болатын. Тұрғандарды әбігерге салған желіде жылдам таралып, жел сөз желдей есіп кетті. Өкінішке қарай, бұл жалған ақпарат болып шықты.

- Оқиға 17 наурызда Талдықорған қаласындағы «Жаңа ғарышкер» шағын ауданында тіркелді. Тұрғы үй маңына полиция қызметкерлері келгені рас. Бірақ, тәртіп сақшылары аулада ойнап жүрген балаларға айыппұл салу үшін барған жоқ. Қала тұрғынының шақыру бойынша жедел жетті. Мәселенің мәнісі былай: сол күні сағат 17.00 шамасында қалалық полицияға 2009 жылы туған жасөспірімнің ата-анасы хабарласып, жарты сағат бұрын далаға ойнауға кеткен баласының әлі оралмағаны туралы айтқан. Ата-анасы алаңдаушылық танытқан соң, аталған үйдің ауласына полицей патруль жеткен. Баланы іздеу жұмыстарына сол аумақтағы жаяу патрульдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары алдымен сол аумақты және жақын маңды толық тексеріп шықты. Кейінірек жасөспірім 7- шағын ауданнан аман-есен табылды. Ол ойынның қызығымен жүріп, үйінен алыстап кеткеніне мән бермеген екен, - дейді оқиғаға түсінік берген Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Қазіргі уақытта тиісті қызметтер жалған ақпаратты таратушыларды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Аталған тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

 

 

Алматы облысы