• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Алматыда қаланы дезинфекциялау жұмыстары қарқын алды

271 рет
көрсетілді

Алматыда 29 миллион шаршы метр жол, тротуар мен жаяу жүргіншілер жолы дезинфекциялық қоспамен жуылады. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Жауапты маманның сөзінше, тазалық жұмысы күніне екі рет таңертең және кешкі уақыттарда жүргізіледі. Дезинфекцияға арналған қоспалардың адам денсаулығына ешқандай зияны жоқ. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары шаһардағы барлық үй аулалары, балалар мен спорттық алаңқайлар, саябақтар, скверлер және қоқыс жәшіктерін де дезинфекциялау жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.

«Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекция жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр. Құрметті қала тұрғындары! Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін барлық пайдаланған медициналық қалдықтарды әрі қарай заласыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап, шығаруларыңызды сұраймыз»,  – деді Диас Ахметқалиев.