• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Мегаполиске жақын аумақта қосымша шектеу бекеттері ашылады

659 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылды. Қазір Алматы қаласының аумағына енетін қатынас жолдарына 27 жерден шектеу бекеттері қойылған. Бұл жағдай мегаполиспен шектесетін Алматы облысының 5 ауданы тұрғындары үшін де алаңдауға негіз болып отыр.

Өйткені, Алматы қаласына облыс аумағынан күн сайын 250 мың адамға дейін қатынап жұмыс істейтіні жайында дерек бар. Тұрғындардың басым бөлігі Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Қапшағай қаласынан мегаполиске жол тартады екен. Қазір адамдардың қалаға кіріп, шығуы қатаң бақылауда. Осыған орай, облыс пен қала билігі бірлесіп жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынасын реттетуді қолға алған. Кәсіпорындар мен мекемелер жұмысшылары үшін қашықтан жұмыс істеуге жағдай жасап, еңбек сағаттарын қысқартуға көшті.

Кеше түнде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге мегаполис шекарасына қойылған өткізу, тексеру  бекеттерінің жұмысымен танысты.

-Облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Төтенше жағдайға байланысты тиісті шара қабылданып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша күш салып отырмыз. Әрине, Алматы қаласымен шектесетін аудан тұрғындары үшін алаңдаулымыз. Алматы маңында халық көп шоғырланған. Қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтуда іркіліс жоқ. Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қала шекарасына қойылған 27 бекеттен бөлек, тағы да 80 өткізу, тексеру  бекеттері ашылады, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

 

Алматы облысы