• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Наурыз, 2020

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

366 рет
көрсетілді

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы валюталық сауда-саттық туралы бірлескен мәлімдеме таратты.

Бұл құжат, бүгін  бейсенбі, 19 наурыз күні таратылды. 

Өткен тәулік ішінде әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық айтарлықтай өсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $ 25-ке жетті, жыл басынан бері 14% және 60%-дан төмендеді. Әлемдік қорлар мен валюта нарықтарының құлдырауы жалғасуда. Ресей рублі күн ішінде 7,3%-ға, ал жыл басынан бері 30%-дан астам әлсіреді.

«Мұндай жағдайда ішкі факторлардың ішкі валюта нарығындағы тұрақсыздандырушы әсерін шектеу және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасымен бірлесіп, 2020 жылғы 19 және 20 наурызда Франкфурт аукционы түрінде теңге-долларлық жұпқа өтінім беру туралы шешім қабылдады» делінген  бірлескен мәлімдемеде.

Франкфурт аукционы түрінде сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің қолда бар өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермейді.

Франкфурт аукционы түрінде сауда-саттық өткізу туралы шешім клиенттердің қолда бар өтініштерін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермейді. Бұдан әрі сауда режимі туралы ақпарат көпшілікке қол жетімді болады.

Франкфурт аукционы дегеніміз - белгілі бір уақытқа өтінімдер биржалық сауда жүйесіне енгізілетін, оның соңында осы өтінімдердің барлығы немесе бір бөлігі кесімді бағамен қанағаттандырылатын сауда әдісі.